1 күн бұрын

EURO-2026: Қазақстан футзал құрамасының Италиямен кездесуі қайда өтетіні анықталды

EURO-2026: Қазақстан футзал құрамасының Италиямен кездесуі қайда өтетіні анықталды

Фото: ҚФФ

Футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеудің плей-офф кезеңіндегі Қазақстан құрамасының Италияға қарсы екі ойынының қайда өтетіні және уақыты белгілі болды., деп хабарлайды Sport12.kz.

Алдымен отандастарымыз 18 қыркүйекте қазақстандық уақытпен 23:55-те сырт алаңда Италияның Фазано қаласында кездессе, одан кейін 23 қыркүйекте 19:30-де оларды Астанадағы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қабылдайды.

Ел құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатында өз тобында екінші орынды місе тұтты. 

Алдымен Албанияны 2:0 есебімен жеңсе, одан кейін Армениямен 4:4 есебімен тең ойнады.

Үшінші кездесуінде Даниядан 2:3 есебімен жеңіліп қалса, өз алаңында аталған қарсыласын 7:3 есебімен тізе бүктірген еді. Бесінші ойында Албаниядан 4:2 есебімен басым түссе, дәл сондай есеппен сырт алаңда Арменияға есе жіберді.

Осылайша құрлықтық додаға тікелей шығу мүмкіндігін жоғалтып алды. Бұл топта 16 ұпаймен бірінші орынға Армения құрамасы табан тіреді.

Айта кетсек, UEFA атқарушы комитеті биыл Еуропа чемпионаты өткізуге байланысты арнайы шешім қабылдады.

 Бұған дейін турнирді бірлесіп қабылдайтыны белгілі болған Латвия мен Литва өз мәртебесін сақтап қалды. Ал Словения үшінші қабылдаушы ел ретінде бекітілді.


 


«Астана» мен «Қайсар» кездесуі кейінге шегерілді

Футбол 7 сағат бұрын

«Астана» мен «Қайсар» кездесуі кейінге шегерілді

Дмитро Рижук – “Атырау” жаңа қорғаушысы 

Футбол 7 сағат бұрын

Дмитро Рижук – “Атырау” жаңа қорғаушысы 

Футболдан Бірінші лигада  «Ертіс» «Шахтерден» басым түсті

Футбол 7 сағат бұрын

Футболдан Бірінші лигада «Ертіс» «Шахтерден» басым түсті

Қазақстан паратаэквондо құрамасы Азия чемпионатында 11 медальге қол жеткізді

Басқа 7 сағат бұрын

Қазақстан паратаэквондо құрамасы Азия чемпионатында 11 медальге қол жеткізді

Тимур Тайбеков Азия чемпионатында техникалық нокаутпен жеңіске жетті

Бокс 12 сағат бұрын

Тимур Тайбеков Азия чемпионатында техникалық нокаутпен жеңіске жетті

«Реал» соттан да «жоқ» деген жауап алды

Футбол 18 сағат бұрын

«Реал» соттан да «жоқ» деген жауап алды