15.08.2025

Sport12.kz – Қазақстан футзалының ресми ақпараттық серіктесі атанды

Sport12.kz – Қазақстан футзалының ресми ақпараттық серіктесі атанды

Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Нұрсұлтан Құрманмен өткен кездесу қорытындысы бойынша Sport12.kz порталы қауымдастықтың ресми ақпараттық серіктесі атанды.

Бұл серіктестіктің басты мақсаты – еліміздегі футзалдың дамуына тың серпін беру, жанкүйерлерге жедел, нақты және сенімді ақпарат ұсыну.

Енді:

  • ел ішіндегі чемпионаттар;
  • ұлттық құраманың матчтары;
  • халықаралық турнирлер;
  • футзалға қатысты өзекті жаңалықтар

тексерілген және ресми дереккөз — Sport12.kz арқылы таратылады.

Sport12.kz пен Қазақстан футзал қауымдастығы бірлесе отырып, отандық футзал мәдениетін жаңа деңгейге көтеруді көздейді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас