19.08.2025

Нұрсұлтан Құрман Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешеніндегі жұмыстармен танысты

Нұрсұлтан Құрман Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешеніндегі жұмыстармен танысты

Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Нұрсұлтан Құрман Елордамыздағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешеніне барып, нысаның қызметімен танысты.

Қауымдастық басшысын кешеннің бас директоры Нұрхан Төрәлі қарсы алып,спорттық инфрақұрылымның қазіргі жағдайы мен мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Қонаққа жаттығу залдары, алаңдар және қосымша қызметтер таныстырылды. 

Аталған кешен базасында түрлі деңгейдегі спорттық жарыстар ұйымдастырылып келеді. Сондай-ақ, бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған сауықтыру бағдарламалары жүзеге асады деп жоспарлануда. Мұнда футзал, волейбол, баскетболға арналған алаңдармен қатар, бокс, дзюдо, қазақ күресі және өзге де жекпе-жек спорт түрлеріне арналған залдары бар.

Алдағы уақытта аталған кешенде футзалдан бірінші лига, жастар арасындағы жарыстар мен «Жұлдыз лига» ойындарын өткізу жоспарлары талқыланды.

Қазақстан футзал қауымдастығы елімізде футзалдың дамуына және оның кеңінен насихатталуына бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра бермек.

Еске сала кетейік, Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені небәрі үш ай бұрын қолданысқа берілді. Ашылу салтанатында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өзі қатысқан еді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Чемпиондар лигасының барлық қатысушылары белгілі болды

Футбол 12 минут бұрын

Чемпиондар лигасының барлық қатысушылары белгілі болды

«Манчестер Юнайтед» бас бапкері Рубен Аморим: Бізге бірнәрсені өзгерту қажет

Футбол 24 минут бұрын

«Манчестер Юнайтед» бас бапкері Рубен Аморим: Бізге бірнәрсені өзгерту қажет

«Қарабах» Чемпиондар лигасына жолдама алды

Футбол 2 сағат бұрын

«Қарабах» Чемпиондар лигасына жолдама алды

«Манчестер Юнайтед» Лига кубогынан ұшты

Футбол 2 сағат бұрын

«Манчестер Юнайтед» Лига кубогынан ұшты

Оралдағы ескі стадион жөнделетін болды

Футбол 12 сағат бұрын

Оралдағы ескі стадион жөнделетін болды

Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Арман Мыса қола алды

Дзюдо 12 сағат бұрын

Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Арман Мыса қола алды