2 сағат бұрын

«Семей» футзал клубы Бразилия құрамасын жаттықтырған маманмен келісімге келді

«Семей» футзал клубы Бразилия құрамасын жаттықтырған маманмен келісімге келді

Жаңа маусым қарсаңында «Семей» футзал клубы құрамын төрт ойыншымен толықтырды, деп хабарлады Sport12.kz сайты

Олардың қатарында қазақстандық футзалшылар да, легионерлер де бар. Бұған қоса, командаға Испаниядан келген жаңа дене даярлығы жаттықтырушысы қосылды.

Команданың физикалық дайындығына енді бразилиялық маман Харрисон Фабрицио Муззи Родригес, көпшілікке Харрисон Муззи деген атпен танымал, жауап беретін болады. Бұған дейін Бразилия, Италия және Испанияның «Эль-Посо» клубында қызмет етіп, жоғары дәрежелі кәсіби маман ретінде танылды. Ал 2013-2014 жылдары Бразилия ұлттық құрамасымен жұмыс істеген еді.

Одан бөлек, «Семейдің» сапын Қазақстан құрамасының екі ойыншысы толықтырды – Арнольд Кнауб пен Нұрсұлтан Пиялы. 30 жастағы қарағандылық қорғаушы Арнольд бұған дейін «Жетісу», «Ақтөбе», «Каспий» клубтарында ойнаған. Өткен маусымды ол алматылық «Қайратта» өткізіп, Қазақстан чемпионы атағын алғаш рет жеңіп алды. Түркістан облысынан шыққан әмбебап ойыншы Нұрсұлтан Пиялы соңғы маусымда шымкенттік «Ордабасының» көшбасшыларының бірі болды.

Жаңа ойыншылар қатарында сондай-ақ екі бразилиялық легионер бар. Олардың бірі – УЕФА футзал чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазы Марсело Аугусто дос Сантос. Ол бұған дейін «Коринтианс», «Нойя Портус Апостоли» және «Пальма Футзал» клубтарында өнер көрсеткен. Командаға қосылған тағы бір ойыншы – жас талант Педро Энрике да Силва Абреу, көпшілікке Педриньо деген атпен танымал. Ол Бразилиядағы ең үздік жас ойыншылардың бірі саналады. 2023 жылы «Прая Клубе» командасына Бразилия кубогындағы тарихи жеңісті сыйласа, 2025 жылы «Атлантико Эрешин» клубының Ұлттық футзал лигасындағы үздік сұрмергені атанды.

«Біз биік мақсаттар үшін күресе алатын команда құруды жалғастырып жатырмыз. Жаңа ойыншылар тәжірибе, техника және көшбасшылық қасиеттер әкеледі, ал Харрисон Муззидің шақырылуы физикалық дайындықты жаңа деңгейге көтереді», — деді «Семей» ФК бас директоры Азамат Аселқан.

«Семей» ФК құрамын жасақтауды аяқтап, жаңа маусымға дайындық жүргізуде. Маусым алдындағы турнирлерге қатысты жоспарларын клуб кейінірек хабарлайды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

«Барыс» қыркүйекте Астанада «Сибирь» командасымен екі бақылау ойынын өткізеді

Хоккей 2 сағат бұрын

«Барыс» қыркүйекте Астанада «Сибирь» командасымен екі бақылау ойынын өткізеді

«Семей» футзал клубы Бразилия құрамасын жаттықтырған маманмен келісімге келді

Футзал 2 сағат бұрын

«Семей» футзал клубы Бразилия құрамасын жаттықтырған маманмен келісімге келді

Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты өтеді

Хоккей 2 сағат бұрын

Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты өтеді

Жүзуден Максим Сказобцов әлем чемпионаты финалына шықты

Басқа 2 сағат бұрын

Жүзуден Максим Сказобцов әлем чемпионаты финалына шықты

Шаңғымен трамплиннен секіруден Қазақстанның жазғы кубогы өтеді

Футбол 2 сағат бұрын

Шаңғымен трамплиннен секіруден Қазақстанның жазғы кубогы өтеді

Қазақстан еурокубоктық рейтингте көтерілді

Футбол 4 сағат бұрын

Қазақстан еурокубоктық рейтингте көтерілді