5 күн бұрын
«Қайрат» - Қазақстан Суперкубогының иегері

Ел чемпионы «Қайрат» пен Қазақстан кубогының иегері «Семей» Суперкубок үшін кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ойын Оралдағы «Жайық Аренада» өтіп, «Қайраттың» минималды 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Алматы клубының жеңіс голын бразилиялық жаңа ойыншы Рафао соқты.
Маусым айының соңында «Қайрат» плей-офф кезеңінің шешуші матчында «Семейді» 3:1 есебімен ұтып, өткен маусымның Қазақстан чемпионы атанған болатын. Ал наурыз айының соңында Қазақстан кубогының финалында семейліктер алматылықтарды 5:1 есебімен ойсырата жеңіп, 2024/2025 жылғы маусымдағы трофейді иеленген еді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
