3 күн бұрын
Қазақстан кубогы: «Астана» «Омеганың» осал тұсын тапты

Фото: Қазақстан футзал қауымдастығы
Футзалдан Қазақстан кубогы топтық кезең ойындарының Талдықорғандағы тұсау кесер кездесуін Тараздық «Омега» мен елордалық «Астана» өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Матч фавориттері саналатын Премьер-лига өкілдері Кошкиннің арқасында 6-минутта есеп ашқан. Алайда Әулиета жігіттері Сабыровтың соққысымен есепті теңестіріп үлгерді. Есеп 1:1.
Бірақ матч соңына дейін Тәжімұқанов пен Үсейіновтің соққан қос голына «Омега» сапынан тек Затыбеков бір голмен жауап қатты.
«Астананың» қоржынында 3 ұпай бар. Ал «Омега» үшін мүмкіндік әлі сақтаулы.
«Омега» (Тараз) – «Астана» – 2:4 (0:1)
Голдар: Сабыров 22, Затыбеков 28 – Кошкин 6, Үсейінов 25, 37, Тәжімқаанов 27
Төрешілер: Қанат (Кызылорда), Ахметов (Алматы)
25.08.2025. Талдыкорған. «Жастар». 75 жанкүйер.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
