3 күн бұрын
«Қайрат» футзалдан Қазақстан кубогын қарқынды бастады

Фото: Қазақстан футзал қауымдастығы
Алматылық «Қайрат» футзалдан Қазақстан кубогын сәтті бастап, алғашқы ойында ақтаулық «Каспий» клубын қапы қалдырды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Оңтүстік астана өкілдері маңғыстаулық команда қақпасына тоғыз гол салды. Олардың сапынан Отанья хет-трик, Эдсон дубль орындады. Ал Оразов, Карпюк,Арриета, Кайо бір голдан еншіледі.
Ақтаулықтар сапына жақында қайта оралған Жұма голмен көзге түссе, Сәуербаев дабл-пенальтиде мергендік танытты.
«Қайрат» (Алматы) – «Каспий» (Ақтау) – 9:2 (4:2)
Голдар: Арриета 6, Эдсон 8, 40, Отанья 13, 30, 32, Кайо Руиз 16, Оразов 28, Карпюк 39 – Жума 12, Сауербаев 17-дабл-пенальти
Төрешілер: Жиембетов (Орал), Құдайбергенов (Ақтөбе)
25.08.2025. Орал. «Жайык». 100 жанкүйер.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
