6 сағат бұрын

Футзалдан Қазақстан құрамасы сапында алдағы екі ойынға кімдер қатысады?

Футзалдан Қазақстан құрамасы сапында алдағы екі ойынға кімдер қатысады?

Фото: ҚФФ

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің плей-офф ойындарына шақырылған тізімі жарияланды, деп Sport12.kz.

Бас бапкер Пауло Рикардо Кака алдағы плей-офф кезеңіндегі ұлттық құраманың Италиямен екі кездесуіне төмендегі ойыншыларға сенім артты.

Қақпашылар: Игита, Қанат Жеткірбаев, Талғат Өтепбергенов;

Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Эдсон, Біржан Оразов, Дамир Қайырбай, Шыңғыс Есенаманов, Арнольд Кнауб, Ақжол Дәрібай, Ринат Төреғазин. Ержан Карменов, Әбдірасул Әбдіманапұлы, Иван Марахов, Альберт Ақбалықов, Владислав Черномордов. 

Алғашқы кездесу 18 қыркүйекте күні сырт алаңда Фазано қаласында өтсе, 23 қыркүйекте қарымта кездесу Астанада болады.

Ел құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатында өз тобында екінші орынды місе тұтты.

Алдымен Албанияны 2:0 есебімен жеңсе, одан кейін Армениямен 4:4 есебімен тең ойнады.

Үшінші кездесуінде Даниядан 2:3 есебімен жеңіліп қалса, өз алаңында аталған қарсыласын 7:3 есебімен тізе бүктірген еді. Бесінші ойында Албаниядан 4:2 есебімен басым түссе, дәл сондай есеппен сырт алаңда Арменияға есе жіберді.

Осылайша құрлықтық додаға тікелей шығу мүмкіндігін жоғалтып алды. Бұл топта 16 ұпаймен бірінші орынға Армения құрамасы табан тіреді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Санжар Ташкенбай ширек финалда!

Бокс 55 минут бұрын

Санжар Ташкенбай ширек финалда!

Наталья Богданова жартылай финалға шықты

Бокс 2 сағат бұрын

Наталья Богданова жартылай финалға шықты

Омыртқасын сындырып алған жасөспірімнің денсаулық жағдайы қандай?

Күрес 2 сағат бұрын

Омыртқасын сындырып алған жасөспірімнің денсаулық жағдайы қандай?

Дзюдодан жастар арасындағы АЧ; кімдерге сенім артамыз?

Футбол 3 сағат бұрын

Дзюдодан жастар арасындағы АЧ; кімдерге сенім артамыз?

Назым Қызайбай мажар қызынан басым түсті

Бокс 3 сағат бұрын

Назым Қызайбай мажар қызынан басым түсті

ҚХЛ: «Барыс» екінші ойын қатарынан жеңіске жетті

Хоккей 4 сағат бұрын

ҚХЛ: «Барыс» екінші ойын қатарынан жеңіске жетті