2 сағат бұрын

EURO-2026: Футзалдан Қазақстан құрамасы бүгін Италиямен кездеседі 

EURO-2026: Футзалдан Қазақстан құрамасы бүгін Италиямен кездеседі 

Фото: ҚФФ

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін Италиямен 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі плей-офф сатысындағы алғашқы ойынын өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кездесу Қазақстан уақытымен 22:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Алғашқы кездесу 18 қыркүйекте сырт алаңда Фазано қаласында өтсе, 23 қыркүйекте қарымта кездесу Астанада болады.

Ел құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатында өз тобында екінші орынды місе тұтты.

Алдымен Албанияны 2:0 есебімен жеңсе, одан кейін Армениямен 4:4 есебімен тең ойнады.

Үшінші кездесуінде Даниядан 2:3 есебімен жеңіліп қалса, өз алаңында аталған қарсыласын 7:3 есебімен тізе бүктірген еді. Бесінші ойында Албаниядан 4:2 есебімен басым түссе, дәл сондай есеппен сырт алаңда Арменияға есе жіберді.

Осылайша құрлықтық додаға тікелей шығу мүмкіндігін жоғалтып алды. Бұл топта 16 ұпаймен бірінші орынға Армения құрамасы табан тіреді.

Сары қағаздың көптігіне байланысты Біржан Оразов пен Лео, жарақаты салдарынан Жахангир Рашит алдағы ойында құрамаға көмектесе алмайды. Есесіне жарақатынан айыққан Альберт Ақбалықовтың алаңға шығуына мүмкіндігі бар. 

Бас бапкер Пауло Рикардо Кака алдағы плей-офф кезеңіндегі ұлттық құраманың Италиямен екі кездесуіне төмендегі ойыншыларға сенім артты.

Қақпашылар: Игита, Қанат Жеткірбаев, Талғат Өтепбергенов;

Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Эдсон, Біржан Оразов, Дамир Қайырбай, Шыңғыс Есенаманов, Арнольд Кнауб, Ақжол Дәрібай, Ринат Төреғазин. Ержан Карменов, Әбдірасул Әбдіманапұлы, Иван Марахов, Альберт Ақбалықов, Владислав Черномордов. 


 


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан алғашқы ойында жеңіліп қалды

Теннис 38 минут бұрын

Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан алғашқы ойында жеңіліп қалды

«Ливерпуль» соңғы минутта жеңісті жұлып әкетті

Футбол 1 сағат бұрын

«Ливерпуль» соңғы минутта жеңісті жұлып әкетті

Бүгін футболдан Бірінші лигада ХХІІ тур ойындары өтеді

Футбол 1 сағат бұрын

Бүгін футболдан Бірінші лигада ХХІІ тур ойындары өтеді

ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Металлург» командасымен кездеседі

Хоккей 2 сағат бұрын

ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Металлург» командасымен кездеседі

EURO-2026: Футзалдан Қазақстан құрамасы бүгін Италиямен кездеседі 

Футзал 2 сағат бұрын

EURO-2026: Футзалдан Қазақстан құрамасы бүгін Италиямен кездеседі 

Италия Суперкубогы Сауд Арабиясында өтеді

Футбол 2 сағат бұрын

Италия Суперкубогы Сауд Арабиясында өтеді