2 сағат бұрын
Футзалдан Қазақстан - Италия кездесуінде жеңімпаз қарымта ойында шешіледі

Фото: ҚФФ
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін Италиямен 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі плей-офф сатысындағы алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл кездесуге Қазақстан құрамасы сапында бірқатар ойыншының шыға алмайтыны белгілі болды. Сары қағаздың көптігіне байланысты Біржан Оразов пен Лео, жарақаты салдарынан Жахангир Рашит алдағы ойында құрамаға көмектесе алмайды. Есесіне жарақатынан айыққан Альберт Ақбалықовтың алаңға шығуына мүмкіндік алды.
https://kaz.inform.kz/news/futzaldan-kazakstan-ulttik-kuramasi-italiyaga-zhett-5397fe/
Кездесу барысында италиялық құрама белсенді бастады. Ойынның 15, 29-минутында олар екі гол соғып үлгерсе, оған 32-минутта қазақстандық Шыңғыс Есенаманов бір голмен жауап қайырды.
Осылайша Қазақстан құрамасы алғашқы ойында қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді.
Енді қарымта кездесу 23 қыркүйекте қарымта кездесу Астанада болады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
