2 сағат бұрын

Кака: топтық кезеңде қарсыластарымызды қалпақпен ұрып аламыз деп ойладық

Кака: топтық кезеңде қарсыластарымызды қалпақпен ұрып аламыз деп ойладық

Қазақстан құрамасының футзалдан бас бапкері Пауло Рикардо Кака 2026 жылғы Еуропа чемпионатына шығуға арналған алғашқы плей-офф матчында Италия командасынан жеңіліске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz

  • Біз ЕУРО 2026 турнирінің іріктеу кезеңінде-ақ эмоциямызды дұрыс жинай алмадық. Ең оңай топтың біріне түскен соң, қарсыластарымызды қалпақпен ұрып аламыз деп ойладық. Бірақ енді өзіміз опық жеп отырмыз. Қосымша ойынға жеткізбеу керек еді. Өздеріңіз көргендей жеребе екі үздік команданың жолын түйістірді. Бірақ әдеттегідей пенальтиде жолымыз болмады. Әлем чемпионатының жартылай финалында да дәл осы жайтты басымыздан кешіріп едік. Бүгінгі ойынға келетін болсақ, біз көптеген мүмкіндіктерімізді қолдана алмадық. Салдары осы болды. Бірақ жігіттерімізді жаман ойнады деп айыптай алмаймын. Ешкімге тағар мінім жоқ», - деді ұлттық құраманың бас бапкері Кака.

Бас бапкер 2026 жылға дейін жасалған келісім- шарт жайлы сұраққа да жауап берді.

  • «Қазақстан құрамасының тізгінін кеше ғана ұстаған жоқпын. 7 жылдың ішінде біршама жайттар болды. Оны ұмыта алмаймыз. Енді бір ойынның қорытындысына қарап, 5 минутта шешім қабылдауды дұрыс деп ойлаймын. Барлығын басшылық шешеді», - деп Кака жауап берді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұған дейін 3 мәрте тұрақты түрде ЕУРО-ның финалдық кезеңіне шығып келген болатын.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Сумо аңызы Хакухо Се Астанада шеберлік сабағын өткізді

Басқа 2 сағат бұрын

Сумо аңызы Хакухо Се Астанада шеберлік сабағын өткізді

«Жеңіс» футбол клубының ойыншысы жол-көлік оқиғасынан көз жұмды

Футбол 2 сағат бұрын

«Жеңіс» футбол клубының ойыншысы жол-көлік оқиғасынан көз жұмды

Кака: топтық кезеңде қарсыластарымызды қалпақпен ұрып аламыз деп ойладық

Футзал 2 сағат бұрын

Кака: топтық кезеңде қарсыластарымызды қалпақпен ұрып аламыз деп ойладық

«Қайрат» U-19 – «Реал Мадрид» U-19 матчы жабық режимде өтеді

Футбол 3 сағат бұрын

«Қайрат» U-19 – «Реал Мадрид» U-19 матчы жабық режимде өтеді

Эмиль Галимов «Барыстың» алдағы бір ойынына қатыса алмайды 

Хоккей 3 сағат бұрын

Эмиль Галимов «Барыстың» алдағы бір ойынына қатыса алмайды 

Александр Заруцкий жарақатынан қашан айығады?

Футбол 3 сағат бұрын

Александр Заруцкий жарақатынан қашан айығады?