07.10.2025
Футзалдан бірінші лига командалары белгілі болды

Фото: ҚФФ
Футзалдан бірінші лига командалары белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Нұрсұлтан Құрман әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті.
Биыл бірінші лигада «Еліма-ай» (Көкшетау), «Қызылорда», «Мақат» (Атырау облысы), «Хромтау» (Ақтөбе), «Байтерек-жас» (Орал), «Қайрат» U 21 (Алматы), «Елорда» (Астана), «Омега» (Тараз) ойнайды.
Лиганың алғашқы кезеңі 13-17 қазан аралығы Қызылорда қаласының «Еуразия» спорт кешенінде өтеді.
Лига жалпы төрт кезеңнен тұрады. Артынша үздік көрсеткішке қол жеткізген төрт команда плей-офф кезеңіне жолдама алады.
Биылғы чемпион жоғары лигаға тікелей жолдама алады. Күміс жүлдегер өтпелі кезеңде жолдама үшін сайысқа түседі.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
