11.10.2025
Футзалдан ел біріншілігінде «Семей» алғаш рет жеңілді
Фото: «Семей» футзал клубы
Бүгін футзалдан Қазақстан біріншілігінде VIIІ тур ойындары өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазірге дейін жеті ойында бірде-бір ұпай жоғалтпаған «Семей» командасы бұл турда күтпеген жерден өз алаңында «Атырауға» 2:3 есебімен есе жіберді. Аталған қарсыласын олар 10 қазанда 4:3 есебімен жеңген еді.
Бұл жеңілістен кейін де семейлік клуб 21 ұпаймен көш басындағы орнын сақтап қалды.
Ал бұған дейін сәтсіз ойнаған алматылық «Қайрат» екінші кездесуде қатарынан жеңіске жетті. Екі матчта да олар «Ақтөбені» 8:1 есебімен сүріндірді.
Алматылық клуб қатарынан екі жеңістен кейін 16 ұпаймен үшінші орынға көтерілді.
Қалған ойындардың нәтижесі
«Қарағанды» – «Бәйтерек» (Орал) 5:3
«Шымкент» – «Жетісу» (Талдықорған) 4:6
«Астана» – «Тұлпар» (Қарағанды) 4:2
«Каспий» (Ақтау) – «Аят» (Рудный) 4:0.
Енді алдағы тур ойындары 25 және 26 қазан күндері өткізіледі.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас