6 сағат бұрын
Футзалдан Қазақстан мен Өзбекстан кездесуінде телекөрсетілім жасалмайды

Фото: ҚФФ
Футзалдан Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларының екінші жолдастық кездесуінен телекөрсетілім жасалмайтын болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл кездесу 18 қазанға жоспарланған.
Алғашқы ойында отандастарымыз қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберіп қойды.
Бұл ойындар алдағы халықаралық турнирлер алдындағы дайындық кезеңінің бөлігі болмақ.
Құрамға қақпашылар Талғат Өтепбергенов, Бақдәулет Өмірзахов және Артур Галиханов енді.
Алаң ойыншылары қатарында Альберт Ақбаликов, Иван Марахов, Эдсон Гомес Дос Сантос, Александр Дерябин, Біржан Оразов, Азат Валиуллин және Ілияс Болекбаев бар.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
