4 сағат бұрын
Қазақстандық төрешілер футзалдан Чемпиондар лигасында қызмет атқарады

Фото: ҚФФ
УЕФА 2025-26 маусымындағы футзалдан Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің матчтарына қазақстандық төрешілер Төрехан Тұрсұмбаев пен Аслан Галаевты тағайындады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Аслан Галаев 7-топтың ойындарын басқарады. Бұл топқа румыниялық «Юнайтед Галац», люксембургтік «Дифферданж 03», әзербайжандық «Араз» және нидерландық «Тайгерс Рурмонд» клубтары кірді. 7-топтың кездесулері «Юнайтед Галац» клубының алаңында ұйымдастырылады.
Ал Төрехан Тұрсұмбаев 8-топтың матчтарына төрелік етеді. Бұл топқа Украинадан «ХИТ Киев» пен «Аврора Тим», топ иесі Словенияның «Врхника» клубы және Солтүстік Македонияның «ФОРКА» командасы түсті.
Айта кетейік, бұл екі топ футзалдан Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің «В» тобына жатады. Сондықтан элиталық кезеңге тек топ жеңімпаздары жолдама алады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
