04.12.2025
Кнауб жаңа клубтағы алғашқы әсерімен бөлісті
Футзалдан «Семей» клубының ойыншысы Арнольд Кнауб жаңа командасына бейімделу мәселесі туындамағанын айтты.
«Мені бәрі жақсы біледі, өте жылы қабылдады. Әртүрлі командаларда ойнап көрдім, сондықтан маған адаптацияның қажеті жоқ. Португал тілін білемін — легионерлермен еркін сөйлесемін», — деді Кнауб.
Арнольд Кнауб «Семей» клубына 2025 жылдың тамызында, алматылық «Қайраттан» ауысып келген еді. Ал 5 желтоқсанда команда Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы поляк клубы «Пястқа» қарсы қарымта матч өткізеді. Алғашқы ойын 3:3 есебімен аяқталған.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас