04.12.2025
«Қайрат» және «Семей» Чемпиондар лигасы 1/8 финалында қарымта ойындарын өткізеді
Фото: «Қайрат» футзал клубы
Ертең, 5 желтоқсанда футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалында қазақстандық «Қайрат» және «Семей» клубтары қарымта ойындарын өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыстың аталған сатысындағы алғашқы ойында алматылық клуб сырт алаңда Бельгияның «Андерлехт» клубын 7:3 есебімен тізе бүктірді. Енді олар қарсыластарына үш гол айырмасымен жеңіліп қалмауы тиіс. Нәтижесінде жарысты жалғстыруға мүмкіндік алады.
Ал «Семей» өз алаңында франциялық «Этуальмен» бірінші кездесуде 3:3 есебімен тең түсті. Енді олар қарымта кездесуде қарсыласын жеңіліп қалмауы қажет. Тең нәтиже тіркелсе жеңімпаз пенальти арқылы анықталады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас