06.12.2025
Футзалдан отандық клубтардың Чемпиондар лигасындағы қарсыластары анықталды
«Қайрат» пен «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында ойнайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
1/4 финалда «Қайрат» испаниялық «Картахенаға» қарсылас болса, «Семей» француздың «Этуаль» клубымен кездеседі.
Еске сала кетейік, 1/8 финалда «Қайрат» бельгиялық «Спортинг Андерлехт» клубымен ойнап, екі матчтың қорытындысы бойынша 12:6 есебімен сенімді жеңіске жетті. Брюссельде «Қайрат» 7:3 есебімен жеңсе, Алматыда 5:3 есебімен басым түсті. Ал «Семей» плей-оффтағы алғашқы кезеңде польшалық «Пяст» клубымен кездесті. Семейдегі алғашқы ойында жеңімпаз анықталмай, матч 3:3 есебімен аяқталды. Қарымта ойында қазақстандық клуб камбэк жасап, сырт алаңда 5:3 есебімен жеңіске жетті.
1/4 финал
«Этуаль» (Франция) - «Семей»
«Пальма» (Испания) - «Рига» (Латвия)
«Бенфика» (Португалия) - «Спортинг» (Португалия)
«Қайрат» - «Картахена» (Испания)
Алғашқы ойын 2026 жылы 23 ақпанда, ал жауапты кездесу 6 наурызда өтеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов