7 күн бұрын
«Семей» футзал клубының бапкері: біз алға жылжимыз
Футзалдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы Польшаның «Пяст» клубына қарсы қарымта матчтан (5:3) кейін «Семей» командасының бас бапкері Аслан Смақов ойынға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
– Ең алдымен, бүкіл серия бойы келесі кезеңге өтетінімізге сенген командамызды және жанкүйерлерімізді құттықтағым келеді. Бұл жеңіс – олардың арқасы. Сондай-ақ ойыншыларымызға зор алғысымды білдіремін. Ойынның басында тағы да бір сәтке зейінімізді жоғалтып, жіберуге болмайтын қателіктерге жол бердік. Біз бұл мәселе бойынша үнемі жұмыс істеп келеміз. Тайм-ауттан кейін жігіттердің өздерін жинай алғанына ризамын. Екінші таймда бірқатар тактикалық өзгерістер енгізіп, ойыншылардан ойынды бақылауда ұстауды сұрадық. Өйткені «Пяст» өз алаңында, жанкүйерлерінің қолдауымен ойнады. Ойын барысын қадағалау біз үшін өте маңызды болды. Біз алға жылжып келеміз», - деді бас бапкер.
Енді семейлік клуб 2026 жылдың 23 ақпан күні Францияның «Этуаль» клубымен шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов