12.12.2025

Қазақстан футзал құрамасы FIFA рейтингінде қай орында тұр?

Қазақстан футзал құрамасы FIFA рейтингінде қай орында тұр?

Фото: ҚФФ

Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) футзалдан әлемнің үздік құрамаларының жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстан құрамасы (1400.6 балл) 2025 жылдың қорытындысы бойынша бір сатыға төмендеп, тоғызыншы орынға табан тіреді. Ал Украина (1415.81 балл) бір сатыға жоғарылап, сегізінші орынға жайғасты. Ал Франция құрамасы (1357.5 балл) үздік ондықты түйіндеді. 

Жаңартылған рейтингте Бразилия (1674.04 балл) көш басында тұрса, екінші-үшінші орындар Португалия (1536.17 балл) мен Испания (1529.67 балл) еншісіне бұйырған.  

Рейтинг бойынша одан кейінгі орындарды Аргентина (1515.75 балл), Иран (1484.23 балл), Марокко (1481.26 балл), Ресей (1435.77 балла) өзара бөлісіп тұр. 

Айта кетсек, футзалдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатына финалдық сатысынан тыс қалды.

Ел құрамасы іріктеу кезеңінде өз тобында екінші орынды місе тұтты.

Алдымен Албанияны 2:0 есебімен жеңсе, одан кейін Армениямен 4:4 есебімен тең ойнады. Үшінші кездесуінде Даниядан 2:3 есебімен жеңіліп қалса, өз алаңында аталған қарсыласын 7:3 есебімен тізе бүктірген еді. Бесінші ойында Албаниядан 4:2 есебімен басым түссе, дәл сондай есеппен сырт алаңда Арменияға есе жіберді. 

Отандастарымыз плей-офф сатысында Италиядан сырт алаңда 1:2 есебімен жеңілсе, өз алаңында 3:2 есебімен жеңді. Екі ойынның нәтижесімен 4:4 есебі тіркелді. Соған байланысты төрешілер жеңімпазды қосымша кезеңле анықтауға шешім қабылдады. Қосымша кезеңде гол соғылған жоқ. Пенальти тебуде Италияның жолы болды. 



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас