4 күн бұрын
Қырғызстан президенті қатысқан футзал турнирінде Садыр Жапаровтың командасы жеңіліп қалды
Бішкекте 13–14 желтоқсан күндері Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың қатысуымен өткен «Мурас» футбол турнирі аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz
Биылғы турнирге де әртүрлі мемлекеттік мекемелерден 16 команда қатысты. Президент бұл турнирдің халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, спортқа деген қызығушылықты арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік органдар арасындағы өзара түсіністік пен бірлікті нығайтуға бағытталғанын атап өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды «Аймактар» командасы иеленіп, 400 мың сом жүлде алды. Мемлекет басшысы «Мурас» футбол турнирінде алғаш рет жеңіске жеткен «Аймактар» командасын құттықтады. Команда құрамына облыстардағы президенттің өкілдері, қала әкімдері мен аудан әкімдері кіреді.
Екінші орынды 300 мың сом жүлдемен «Президенттің командасы» иеленді.
Үшінші орынды «Ден соолук» командасы алып, 200 мың сом жеңіп алды.
«Ыйман» командасы төртінші орынға ие болып, 100 мың сомға сертификат алды.
Айта кетейік, 2024 жылы Садыр Жапаровтың командасы чемпион атанған еді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов