2 күн бұрын
Футзалдан алғаш рет Қазақстан Кубогының жеңімпазы Тараз қаласында анықталады
Қазақстан футзал қауымдастығының шешімімен Қазақстан Olimpbet-Кубогінің "төрттік финалы" алғаш рет Тараз қаласында, «Тараз Арена» спорт кешенінде өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz
Жартылай финалдық кездесулер 27 желтоқсанда, ал финалдық кездесу 28 желтоқсанға жоспарланған. Қазақстан кубогінің 2023 жылғы алғашқы кезеңі осы шаhарда өткен.
Естеріңізге сала кетейік, жартылай финалда «Семей» - «Атырау» және «Қайрат» - «Ақтөбе» командалары кездеседі.
Ал Қазақстан Кубогының алдында 22-25 желтоқсан күндері Бірінші лиганың ойындары жоспарланған.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов