9 сағат бұрын

Астанада NEET санатындағы жастар шағын футболда жеңімпазды анықтады

Астанада NEET санатындағы жастар шағын футболда жеңімпазды анықтады

Астанада NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру және жан-жақты қолдау үшін «Astana Жас Жігер» жобасы мәресіне жеті, деп хабарлады Sport12.kz.

Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының қараша айында басталған жобасы аясында NEET санатындағы жастар шағын футболдан сынға түсті.

Елордадағы «Орталық», «Астаналық», «Әсем», «Сарыарқа», «Орда» базарынан жасақталған жастар топтық кезең және плей-офф арқылы жеңімпаздарды анықтады.

«Шағын футбол бәсекесіне 10 команда қатысып, нәтижесінде «Zigi Zagi» командасы топ жарса, «Бүркіт» пен «Достар» ұжымы үздік үштіктің қатарына кірді. Олар медаль және теледидар, шаңсорғыш, құлаққап сынды бағалы сыйлықтармен марапатталды. 2022 жылдан бастап тұрақты түрде өткізіліп жатқан жобамызға қатысқысы келетіндердің қарасы көп. Осы арқылы біз арнайы білімі мен тұрақты жұмысы жоқ жастарға мемлекеттік бағдарламаны таныстырып, қызметке орналасуына атсалысамыз», - деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының жастар бастамаларын қолдау бөлімінің маманы Дәуіржан Жұмахан.

Айта кетейік, «Astana Жас Жігер» жобасының биылғы бағдарламасында NEET санатындағы жастар (15-34 жас аралығы) шағын футболдан бөлек, волейбол мен үстел теннисінде де шеберліктерін көрсетті. Сондай-ақ уақытша түзету мекемесіндегі жастар армрестлинг, гір тасын көтеру, арқан тартыста сынға түсті.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас