25.12.2025

2025 жылы футзалда қандай өзгерістер болды?

2025 жылы футзалда қандай өзгерістер болды?

Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Нұрсұлтан Құрман 2025 жылды қорытындылап, басты жетістіктерді атап өтті, деп хабарлайды Sport12.kz

«Біріншіден, ерлер ұлттық құрамасын 7 жыл бойы баптап келген Кака өз қызметінен кетті. Оған басты көптеген себептер бар. Мысалы, қарсыластарымыз бізге қарсы ойнауға дағдыланып алды. Оның үстіне футзал бір орында тұрмайды. Жаңа леп қажет. Екіншіден, чемпионаттағы клубтардың саны 12-ге жетті. Ал Бірінші лигадағы қатысушылардың саны 4-тен 8-ге дейін өсті. Жаңа командалар пайда болды. Үшіншіден, Қазақстан 2027 жылы U19 санатындағы Еуропа чемпионатын өткізуге мүмкіндік алды. Төртіншіден, «Қайрат» пен «Семей» клубтары Чемпиондар лигасының жаңартылған форматында ширек финалға өтті. Бесіншіден, 2026 жылдың 7-11 қаңтары аралығында Алматы қаласында тұңғыш рет әйелдер арасында Қазақстан Кубогы ұйымдастырылады», - деді Нұрсұлтан Құрман.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Құрман бұл қызметке 2025 жылдың 11 шілдесінде тағайындалған еді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас