25.12.2025

Футзалдан ұлттық құраманың бас бапкері кім болады?

Футзалдан ұлттық құраманың бас бапкері кім болады?

Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Нұрсұлтан Құрман ұлттық құраманың бас бапкеріне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Sport12.kz

«Ерлер ұлттық құрамасын 7 жыл бойы баптап келген Кака өз қызметінен кетті. Оған басты көптеген себептер бар. Мысалы, қарсыластарымыз бізге қарсы ойнауға дағдыланып алды. Оның үстіне футзал бір орында тұрмайды. Жаңа леп қажет. Өздеріңіз көргендей, ЕУРО-2026 финалдық кезеңіне шыға алмадық. Армения, Дания сынды құрамаларға жол бердік. Қосымша іріктеуде де Италиядан айламызды асыра алмадық. Осы факторлар бас бапкердің кетуіне әсер етті», - деді Нұрсұлтан Құрман.

Ол жаңа бас бапкердің қашан келетіндігін де айта кетті.

«Федерация тарапынан бірнеше кандидатураны қарастырдық. Әйтсе де БАҚ беттерінде Какау келеді деген ақпарат өріп жүр. Оған әлі ерте. Жаңа бас бапкер қаңтар айында белгілі болады. Бірақ Какау жайлы көзқарасымыз оң», - деп Нұрсұлтан Құрман өз сөзін түйіндеді.

Айта кетейік, Какау 2013 пен 2018 жылдың аралығында Қазақстан құрамасының тізгінін ұстаған еді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас