7 күн бұрын
Футзалдан Қазақстан кубогының финалына кімдер өтеді?
Фото: ҚФФ
Бүгін Тараз қаласында футзалдан Қазақстан кубогының жартылай финал ойындары өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жартылай финалда алдымен 17:00-де «Атырау» мен «Семей» шеберлік байқасса, одан кейін «Қайрат» пен «Ақтөбе» кім мықтыны анықтайды.
Ел біріншілігінде «Атырау» «Семейді» жеңе алатынын дәлелдеді. Ол семейлік клубтың әзірге жалғыз жеңілііс ретінде тіркеліп отыр.
Жартылай финалдағы тағы бір жұпта «Қайрат» пен «Ақтөбе» кездеседі. Алматылық клуб бұл ойында жеңіске жетуге күш салатыны анық.
Ойындар «Тараз-арена» спорт кешенінде өтеді. Сондай-ақ «Qazsport» телеарнасынан тікелей көрсетілім жасалады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас