2 күн бұрын
Футзалдан Қазақстан Кубогында сенсация тіркелді
Футзалдан Тараз қаласында Қазақстан Кубогының бәсекесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz
Бүгін жартылай финалда басты фавориттердің бірі - «Қайрат» клубы «Ақтөбемен» кездесіп, күтпеген жерден 4:5 есебімен есе жіберді.
Ал екінші жартылай финалда «Семей» де жеңіліске жақын тұрғанымен, «Атыраудан» 4:3 есебімен жеңісті жұлып алды.
Айта кетейік, «Қайрат» пен «Семей» клубтары биыл Чемпиондар лигасының ширек финалында өнер көрсетіп жатыр.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов