4 сағат бұрын

«Семей» Қазақстан Кубогының тағдырын бір таймда шешіп тастады

«Семей» Қазақстан Кубогының тағдырын бір таймда шешіп тастады

Таразда Қазақстанның футзалдан Кубогының финалы өтіп, онда «Семей» пен «Ақтөбе» командалары кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Финалдық матч «Семейдің» айқын жеңісімен (5:2) аяқталды. 5-минутта Дедезиньо «Семейді» алға шығарды. Ал 13-минутта бразилиялық ойыншы дубль жасады. Үзіліс алдында «Семей» тағы екі гол соқты. Алдымен Габриэль Кандидо, кейін қақпашы Лео Игита бос қақпаға нәтижелі соққы жасады. 24-минутта «Семейдің» бесінші голын Марсело Аугусто дос Сантос соқты.

«Ақтөбе» 33-минутта Егор Нулет және 35-минутта Қайрат Иманалин арқылы ғана есепті қысқарта алды.

Осылайша, «Семей» Қазақстан Кубогының екінші жыл қатарынан жеңімпазы атанды.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас