5 күн бұрын

Абай облысының әкімі «Семей» клубына қатысты жазба жариялады

Абай облысының әкімі «Семей» клубына қатысты жазба жариялады

Футзалдан Қазақстан Кубогын жеңіп алған «Семей» клубының жетістігіне қатысты Абай облысының әкімі Берік Уәли жазба жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz

«Ардақты ағайын! 

Бүгін «Семей» футзал клубы Қазақстан кубогының финалында «Ақтөбе» командасын 5:2 есебімен жеңіп, екі мәрте кубок жеңімпазы атанды. Осылайша, жергілікті клуб Қазақстан кубогы тарихында екі жыл қатарынан жеңіске жеткен төртінші команда болып отыр.

2023 жылы ғана құрылған команданың қысқа уақыт ішінде осындай биік нәтижелерге қол жеткізуі – Семей футзалы мен Абай облысының спорт саласы үшін зор мақтаныш. Бұл – Семей қаласының қазақ футболының отаны екенінің айқын дәлелі.

«Семей» футзал клубын Қазақстан кубогындағы жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіремін», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Тараз қаласында өткен Қазақстан Кубогында «Семей» футзал клубы «Ақтөбені» 5:2 есебімен жеңген болатын.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас