4 күн бұрын
«Семей» клубының бас бапкері жаңа мақсаттарын атады
«Семей» клубының бас бапкері Аслан Смаков Қазақстан кубогының финалында МФК «Ақтөбені» 5:2 есебімен жеңген матчтан кейін қорытынды жасады, деп хабарлайды Sport12.kz
«Чемпиондықтан кейінгі сезім әрдайым ерекше болады. Біз бұл нәтижеге ұзақ жолмен келдік және мерекелер қарсаңында қаламызға керемет сый жасадық деп ойлаймыз. Барлық табыстың негізі — мінез бен команданың жаттығудағы жұмысы. Қазір Қазақстандағы футзал деңгейі айтарлықтай өсті. Сондықтан алаңда тәртіп пен жеңіске деген жігер өте маңызды. Біз кез келген турнирде жеңіске жетуге және Қазақстанда да, Еуропа аренасында да үстемдік етуге әрдайым ұмтыламыз», — деді Смаков.
Айта кетейік, «Семей» клубы Қазақстан Кубогында екінші жыл қатарынан топ жарды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов