24 сағат бұрын

ASTANA QYZMET FUTSAL CUP 2025 турнирі өз мәресіне жетті

ASTANA QYZMET FUTSAL CUP 2025 турнирі өз мәресіне жетті

Астана қаласында мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар командалары арасында өткен ASTANA QYZMET FUTSAL CUP 2025 турнирі қорытындыланды. Жаңа жыл қарсаңында ұйымдастырылған жарыс жоғары деңгейдегі бәсеке мен шынайы эмоцияларға толы болды.

Турнирдің Алтын кубогын «QALQAN» командасы иеленсе, күміс жүлде «Қазаэронавигация» ұжымына бұйырды. Күміс кубокта Астана қаласының Білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы жеңімпаз атанып, Энергетика басқармасы екінші орын алды. Ал Парасат кубогы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі командасына табысталды.

Жеке марапаттар бойынша QR IIM өкілі Темірбеков Әлібек үздік қақпашы атанса, АО «Қазақтелеком» ойыншысы Серік Азамат үздік қорғаушы деп танылды. Дене шынықтыру және спорт басқармасынан Сабыров Диас – үздік шабуылшы, Энергетика басқармасының өкілі Кенжебаав Жақсылық – үздік сұрмерген атанды. Турнирдің үздік ойыншысы жүлдесі «QALQAN» командасының ойыншысы Ташимов Наурызбекке берілді. 35+ санатында Свайкулов Арыстан (Қазаэронавигация) үздік деп танылса, үздік команда жетекшісі атағы Матаев Русланға (Білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы) бұйырды.

Жарысқа Мемлекеттік күзет қызметі, ҰҚК, ІІМ, «Қазақтелеком», Полиция департаменті, Қазаэронавигация, Туризм және спорт министрлігі, Қаржы министрлігі, сондай-ақ Астана қаласының бірқатар басқармалары қатысты.

Ұйымдастырушылар барлық қатысушы командалар мен жанкүйерлерге алғыс білдірді. Футзал сериясының келесі кезеңі — QAZAQSTAN QYZMET FUTSAL SUPER CUP турнирі Талдықорған қаласында өтеді.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас