13 сағат бұрын
Футзалдан Қазақстан чемпионатында үздік бапкер анықталды
Фото: kazfootball.kz
Футзал Қазақстан нұсқасы бойынша «Ақтөбе» футзал клубының бапкері Серік Унбаев Қазақстан чемпионатында желтоқсан айының үздік бапкері атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде @futsalkazakhstan парақшасында жазылды.
2025 жылдың он екінші айында Қазақстан чемпионатының бар болғаны екі туры өтті. Аталған екі матчтың екеуінде де Серік Унбаевтың командасы қарсыластарын – 9:3 және 9:4 есебімен ойсырата жеңді.
Жиырма турдан кейін «Ақтөбе» турнир кестесінде үшінші орында келеді. Команда тек «Семей» мен «Қайраттан» ғана қалып келеді, ал екінші орыннан айырмашылық бар болғаны бір ұпай.
Сондай-ақ өткен айда Серік Унбаевтың командасы 2020 жылдан бері алғаш рет Қазақстан кубогының финалына шығып, күміс жүлде жеңіп алды. Жартылай финалда ақтөбеліктер алматылықтарды 5:4 есебімен жеңді. Бұған дейін «Ақтөбе» «Қайратты» негізгі уақытта соңғы рет 2909 күн бұрын жеңген еді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас