16.01.2026
Қазақстан футзал құрамасына жаңа бапкер келді
Бразилиялық маман Рикардо Камара Собрал «Какау» Қазақстан футзал құрамасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz
«Какау — Қазақстан футзал құрамасының жаңа бас бапкері.
Рикардо Камара Собрал (Какау) Қазақстанның ұлттық футзал құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды.
54 жастағы маман отандық футзал жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол бұған дейін 2013–2018 жылдары Қазақстан футзал құрамасын басқарған. Оның жетекшілігімен команда 2016 жылғы Еуропа чемпионатында қола жүлде жеңіп алып, тарихи нәтижеге қол жеткізді.
Клубтық деңгейде Какау алматылық „Қайрат“ командасымен табысты еңбек етті. 2013 және 2015 жылдары оның басшылығымен команда футзалдан УЕФА кубогының иегері атанды. Сондай-ақ бірнеше мәрте Қазақстан чемпионаты мен Кубогын жеңіп алды», — делінген ресми Instagram парақшасында.
Бұған дейін Қазақстан футзал құрамасының бас бапкері қызметін тағы бір бразилиялық маман Паулу Рикарду Фигейра Силва «Кака» атқарған болатын. Ол бұл қызметке 2018 жылы Какаудың отставкасынан кейін келген еді.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов