20.01.2026
«Қайрат футзал» клубы бразилиялық әмбебап ойыншыны қатарға қосты
Фото: «Қайрат футзал» клубы
«Қайрат футзал» клубы бразилиялық әмбебап ойыншы Игор Кариокамен келісімшартқа қол қойғанын жария етті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ойыншы командаға Бразилияның Corinthians клубынан ауысты. Тараптар арасындағы келісімшарт келесі маусымның соңына дейін есептелген. Келісім мерзімі - 1,5 жыл.
• Толық аты-жөні: Igor Carvalho da Rocha
• Туған күні: 26.05.1998
• Бойы: 1,74 м
• Салмағы: 75 кг
• Ойын позициясы: Универсал
Жетістіктері:
• Риу-Гранди-ду-Сул штатының чемпионы
• Санта-Катарина штатының чемпионы
• Санта-Катарина штатының Суперкубогының иегері
• Италия Суперкубогының жеңімпазы
• Либертадорес Кубогының жеңімпазы
-Біз командамызда жаңа ойыншыны көргенімізге қуаныштымыз. Алда үлкен жеңістер, жарқын ойындар мен сәтті маусым тілейміз, - деп жазылған хабарламада.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!