24.01.2026

«Қайрат» футзал клубы бразилиялық екінші қақпашыны қатарға қосты

«Қайрат» футзал клубы бразилиялық екінші қақпашыны қатарға қосты

Фото: «Қайрат» футзал клубы

«Қайрат» футзал клубы бразилиялық қақпашы Вандерсон Мануэл Перейра да Силвамен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бразилиялық қақпашы 2001 жылдың 29 шілдесінде дүниеге келген. Бойы 180 снатиметрді құраса, салмағы 89 келіні шамалайды. Қазірге дейін Бразилия, Латвия, Испания кулбтарында ойнаған. 

Айта кетсек, алматылық команда бұдан бұрын әмбебап ойыншы Игор Кариокамен келісімшартқа қол қойғанын жария етті.

Ойыншы командаға Бразилияның Corinthians клубынан ауысты. Тараптар арасындағы келісімшарт келесі маусымның соңына дейін есептелген. Келісім мерзімі - 1,5 жыл.

Оған дейін «Қайрат» футзал клубы бразилиялық қақпашы Жоао Пауло Родригесом Жуниорды қатарға қосты.

Қазірге дейін ол «Турабао», «Джойнвиль», «Эречим» және «Умуарама» клубтарының намысын қорғады. 



Біздің серіктес: Бізге тіркел!