18 сағат бұрын
Франция мен Хорватия футзалдан Еуропа чемпионатында жартылай финалға шықты
Фото: football24.ua
Футзалдан 2026 жылғы әлем чемпионатында жартылай финалға шыққан екі құрама анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ширек финалдағы кездесудің бірінде Франция құрамасы Украинаны 4:2 есебімен тізе бүктірсе, Хорватия құрамасы Арменияны 3:0 есебімен сүріндірді.
Енді бүгін, 1 ақпанда ширек финалда Португалия мен Бельгия, Испания мен Италия шеберлік байқасады.
Жартылай финал 4 ақпанға белгіленген. Финал мен 3-орын үшін ойын 7 ақпанда өтеді.
Айта кетсек, футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық кезеңіне шыға алмай қалды.
Олар іріктеу кезеңі плей-офф сатысындағы қарымта ойында Италия құрамасыеа (3:2, 1:2) пенальтиден жол берді.
Ел құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатында өз тобында екінші орынды місе тұтты.
Алдымен Албанияны 2:0 есебімен жеңсе, одан кейін Армениямен 4:4 есебімен тең ойнады. Үшінші кездесуінде Даниядан 2:3 есебімен жеңіліп қалса, өз алаңында аталған қарсыласын 7:3 есебімен тізе бүктірген еді. Бесінші ойында Албаниядан 4:2 есебімен басым түссе, дәл сондай есеппен сырт алаңда Арменияға есе жіберді.
Осылайша құрлықтық додаға тікелей шығу мүмкіндігін жоғалтып алды. Бұл топта 16 ұпаймен бірінші орынға Армения құрамасы табан тіреді.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!