13 сағат бұрын
Өзбекстан футзал құрамасы Азия кубогы ширек финалына шықты
Фото: uzdaily.com
Бүгін футзалдан Азия кубогында үшінші турдың соңғы ойын күні өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл күні D тобында Иран мен Ауғанстан, Сауд Арабиясы мен Малайзия шеберлік байқасады.
Қазірге дейін ширек финалға шыққан алты құрама анықталды. Олардың қатарында Индонезия, Вьетнам, Жапония, Таиланд, Ирак, Өзбекстан бар.
Енді ширек финалда 3 ақпанда Индонезия мен Вьетнам, Таиланд пен Ирак ойнайды.
Ал Жапония мен Өзбекстан құрамаларының қарсыластары бүгін анықталады.
5 ақпанда жартылай финал ойындары өтеді. Финал 7 ақпанға белгіленген.
Құрлықтық дода Индонезияда 27 қаңтардан бастап өтіп жатыр.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!