8 сағат бұрын
«Ақтөбе» футзал клубының түлектері командадан кетті
Фото: «Ақтөбе» футзал клубы
«Ақтөбе» футзал клубының ойыншысы Арсен Әлиев өзара мәміле аясында командадан кетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
- 24 жастағы футзалшы былтыр ұжымға қайта оралып, барлық турнирлерде 14 матчқа қатысты және бірнеше голымен көзге түсті. Бізбен бірге Қазақстан Кубогінің күміс жүлдегері атанды, - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ «Ақтөбе» футзалшысы Төрехан Досов өзара келісім аясында мансабын басқа клубта жалғастыратын болды.
29 жастағы «Ақтөбе» түлегі былтыр туған командасына қайта оралып, барлық турнирлер аясында 26 матчқа қатысты және оннан астам гол соқты. Бізбен бірге Қазақстан Кубогінің күміс жүлдегері атанды.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!