6 сағат бұрын

Футзалдан Азия кубогы финалында кімдер ойнайды?

Футзалдан Азия кубогы финалында кімдер ойнайды?

Фото: the-afc.com

Футзалдан Азия кубогы финалына шыққан екі құрама анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бүгін жартылай финалда Иран құрамасы Иракты 4:2 есебімен жеңсе, Индонезия құрамасы Жапонияны 5:3 есебімен тізе бүктірді.

Енді финалда 7 ақпанда Иран мен Индонезия шеберлік байқасады.

Құрлықтық дода Индонезияда 27 қаңтардан бастап өтіп жатыр. 

Футзалдан Азия кубогы 1999 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін Иран - 13, Жапония - 4 мәрте чемпион атанды.  

Сондай-ақ Өзбекстан - 4, Таиланд - 3, Оңтүстік Корея мен Қазақстан - 1 мәртеден финалға шығып, күміс жүлде алды. 



Біздің серіктес: Бізге тіркел!