6 сағат бұрын
«Семей» Қазақстан құрамасының ойыншысын жалға берді
Фото: «Семей» футзал клубы
Қазақстандық 26 жастағы Ақжол Дәрібайдың маусым соңына дейін қарағандылық «Тұлпар» клубына жалға берілді, деп хабарлайды Sport12.kz
Бұл жөнінде «Семей» футзал клубының баспасөз қызметі мәлім етті.
- Ақжолға жаңа клубында сәттілік тілей отырып, Семейге бұрынғыдан да мықтырақ болып оралуын күтеміз, - деп жазылған хабарламада.
Ақжол Дәрібай 1999 жылы 26 шілдеде Қарағанды қаласында дүниеге келген. Мансабын 2015 жылы «Тұлпар» командасында бастап, одан кейін «Жетісу», «Астана» клубтарында ойнады.
Семейлік клуб сапына 2023 жылы қосылған еді.
2022 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасында ойын көрсетіп келеді.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!