Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Футзалдан Қазақстан U19 құрамасы Түркістанда дайындығын жалғастырады

Футзалдан Қазақстан U19 құрамасы Түркістанда дайындығын жалғастырады

Фото: ҚФФ

Футзалдан Қазақстан U19 құрамасы Түркістанда жаттығып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz..

Құраманың Түркістандағы Олимпиада орталығында өткізетін оқу-жаттығу жиыны 18 ақпанға дейін созылады. Оған 19 ойыншы шақырту алды.

Бұл құрамада аға бапкер міндетін алғаш рет Василий Смолин атқарса, оған Жақсылық Әлішбаев, Сержан Шұманбаев, Михаил Мылисов сынды мамандар көмектеседі.

Қазақстан U-19 құрамасы

Қақпашылар: Артур Ерошенков («Қайрат» АФК), Әмір Рымжанов («Тұлпар»), Әлихан Омаров («Семей»).

Алаңдағы ойыншылар: Әли Әбдікенов («Қайрат», АФК), Әмірбек Молдасариев («Астана»), Артем Махмутов («Тұлпар»), Ернияз Эльдарұлы («Байтерек»), Серікбол Төлеш («Байтерек»), Марлен Асылбек («Ақтөбе»), Расул Ерболұлы («Атырау»), Жанмұрат Амандос («Атырау»), Тимофей Морозов («Аят»), Асанәлі Мыңбаев («Аят»), Владимир Тихоплав («Аят»), Сұңқар Мұхтаров («Семей»), Әлібек Торғауыт («Семей»), Әділбек Нұғыманов («Семей»), Әли Серікұлы («Астана»).

Еске салсақ, 2027 жылы Қазақстанда 19 жасқа дейінгі құрамалар арасындағы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі өтеді. Аталған турнирде Қазақстан 19 жасқа дейінгілер құрамасы жарысқа қожайын ел ретінде қатысады.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»