6 сағат бұрын
«Астана» футзал клубы қазақстандық екі ойыншыны қатарға қосты
Фото: «Астана» футзал клубы
«Астана» футзал клубы қазақстандық екі ойыншымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Тимур Балтабаев бұған дейін «Астана» сапында өнер көрсетіп, команда намысын қорғаған ойыншылардың бірі. Өзінің еңбекқорлығымен, алаңдағы мінезімен және командаға деген жауапкершілігімен жанкүйерлер есінде қалды.
Артур Дадаханов үшін бұл — кәсіби футзалдағы алғашқы қадам. Жас ойыншы енді «Астана» сапында өнер көрсетіп, өзінің алғашқы кәсіби маусымын бастайды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»