Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

24.02.2026

«Қайрат» жеңілісінің себебі аталды

«Қайрат» жеңілісінің себебі аталды

Футзалдан Еуро-2016 чемпионатының қола жүлдегері, УЕФА Кубогының екі дүркін иегері, Қазақстанның он дүркін чемпионы Серік Жаманқұлов алматылық «Қайрат» пен испаниялық Картахена арасындағы Чемпиондар лигасының ширек финалындағы алғашқы матчқа (1:2) баға берді.

Маманның айтуынша, ойын өте тартысты өткен. Залда аншлаг болып, атмосфера жоғары деңгейде болған. Дегенмен, паркет сапасына қатысты сұрақтар туындаған. Оның пікірінше, алаң жабыны доптың жылдамдығына әсер еткен болуы мүмкін.

Кездесу барысында «Қайраттың» есепті теңестіруге мүмкіндіктері болған. Алматылық клуб алғашқы болып есеп ашқанымен, қарсылас небәрі тоғыз секундтың ішінде екі гол соғып, таразы басын өз пайдасына аударды.

— Өте өкінішті жеңіліс. «Қайрат» бұл матчта ұтылып қалмауға тиіс еді. Кей сәтте сәттілік жетіспеді, кей жағдайда испаниялық команданың қақпашысы шеберлік танытты, — деді Жаманқұлов.

Айта кетейік, қарымта ойын 6-нан 7 наурызға қараған түні Испанияның Картахена қаласында өтеді.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»