Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

04.03.2026

«Қайрат» Испанияға шешуші матчқа аттанды

«Қайрат» Испанияға шешуші матчқа аттанды

Алматылық «Қайрат» футзал клубы Чемпиондар лигасының ширек финалындағы жауапты матчқа қатысу үшін Испанияға жол тартты.

Қарымта ойында қазақстандық команда испаниялық Картахена клубымен кездеседі. Матч 6 наурыздан 7 наурызға қараған түні өтеді.

Клубтың баспасөз қызметі әлеуметтік желіде ойыншылардың ұшақ ішіндегі суреттерін жариялады.

Еске салайық, алғашқы кездесу ақпанда Алматыда өтіп, 2:1 есебімен испаниялық ұжымның пайдасына аяқталған. «Картахена» жеңіс голдарын он секундтың ішінде соққан. «Қайрат» сапында қақпашы Вандесон Силва мергендігімен көзге түскен еді.

Екі матч қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда Чемпиондар лигасының Финал төрттігіне жолдама алады.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»