Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

11 сағат бұрын

«Семей» Чемпиондар лигасында «Төрттіктің финалынан» тыс қалды 

«Семей» Чемпиондар лигасында «Төрттіктің финалынан» тыс қалды 

Фото: «Семей» футзал клубы

 Қазақстандық «Семей» футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының 1/2 финалдық кезеңіне шыға алмады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстандық команда бүгін өз алаңында Францияның «Этуаль» клубымен алаңға шықты. 

Кездесу барысында қазақстандық команда алғашқы кезеңде сәтті ойын көрсетті. Алдымен 2-минутта Марсело есеп ашты. Одан кейін 26-минутта олардың қатарынан Камиль Герейханов 26-минутта басымдықты арттырды.

Екі гол айырмасымен алға шыққан семейлік клуб келесі кезекте өрескел қателіктерге бой алдырды. Салдарынан франциялық клуб қатарынан Уассини Гирьо 32, Биляля Баккали 33, 40-минутта мергендік танытты.

Осылайша семейлік клуб қарсыласына 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Қазақстандық команда бірінші кездесуде қарсыласына 4:5 есебімен есе жіберген еді. Қос ойынның нәтижесі бойынша «Этуаль» «Төрттіктің финалы» турниріне жолдама алды.

Енді Қазақстан уақытымен 00:30-да алматылық «Семей» клубы сырт алаңда Испанияның «Картахена» клубымен шеберлік байқасады. Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бірінші кездесуде олар қарсыласына 1:2 есебімен жеңілген еді.

Финал 2026 жылдың мамыр айында Италияның Песаро қаласында өтеді. Онда төрт команда шеберлік байқасады. Алдымен жартылай финал болса, одан кейін финал мен 3-орын үшін ойындар өткізіледі.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»