Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Футзалдан Чемпиондар лигасы «Төрттіктің финалына» кімдер шықты?

Футзалдан Чемпиондар лигасы «Төрттіктің финалына» кімдер шықты?

Фото: «Қайрат» футзал клубы

Футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының «Төрттіктің финалы» турниріне жолдама алған командалар белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл турнирдің 1/4 финалында жеңімпаз атанған төрт клуб енді бас жүлдені сарапқа салуға мүмкіндік алады. 

Финал 2026 жылдың мамыр айында Италияның Песаро қаласында өтеді. Онда төрт команда шеберлік байқасады. Алдымен жартылай финал болса, одан кейін финал мен 3-орын үшін ойындар өткізіледі.

Чемпиондар лигасы 1/4 финалында қазақстандық «Семей» Францияның «Этуаль» (4:5, 2:3), «Қайрат» (Алматы) испаниялық «Картахена» (1:2, 4:7) клубтарына есе жіберді.

Сондай-ақ Испанияның «Пальма» Латвияның «Рига» (7:4, 0:1), Португалияның «Спортингі» сол елдің тағы бір өкілі «Бенфиканы» (7:4, 3:4) қапы қалдырып кетті.

Биылғы 2025/2026 жылғы маусымда командалар элиталық кезеңде жаңартылған ережемен сынға түсті.

Жарыстың аталған сатысында 16 команда сегіз жұпқа бөлінді. Командалар өз алаңында және сырт алаңда бір-бір кездесуден өткізді. Бұл ойындар 2025 жылдың 24 қараша-6 желтоқсан аралығына белгіленген.





Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»