5 күн бұрын
«Семей» футзал клубының бас бапкері қызметінен кетті
Фото: «Семей» футзал клубы
«Семей» футзал клубы Аслан Смаковтың команданың бас бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл шешім маманның өз бастамасымен қабылданды.
Клубтағы қызметі барысында оның жетекшілігімен «Семей» екі рет Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанып, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, ұлттық аренадағы позициясын нығайтты.
Команданың бас бапкер міндетін атқарушысы болып бұған дейін бапкерлер штабында ассистент ретінде жұмыс істеген Серджи Альтисент тағайындалды.
- «Семей» футзал клубы Аслан Смаковқа кәсібилігі, адалдығы және команданың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді. Аслан клуб құрылымында қалып, «Семейдің» дамуына пайдасын тигізуді жаңа рөлде жалғастырады, - деп жазылған хабарламада.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»