21.03.2026

«Қайрат» пен «Семей» Еуропаның үздік футзал клубына енді

«Қайрат» пен «Семей» Еуропаның үздік  футзал клубына енді

УЕФА футзалдан Чемпиондар Лигасының ширек финалынан кейін клубтардың жаңартылған рейтингін жариялады.

Алматылық «Қайрат» рейтингте 402 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады. Бірінші орында — испандық «Пальма Футзал» (622 ұпай), ал екінші — португалдық «Спортинг» (513 ұпай).

Тағы бір қазақстандық клуб — «Семей» да үздік ондыққа кірді. Ол 184 ұпаймен ондыққа енді.

Айта кетейік, «Қайрат» Финал төрттікке өте алмады. Алматылықтар испандық «Картахенаға» қосынды есеппен ұтылды — бұл клуб рейтингте төртінші орын алады (337 ұпай). «Семей» ширек финалда француз «Этуальға» жол берді, ол Еуропаның күшті клубтары рейтингінде алтыншы орында тұр (277 ұпай).


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»