24.03.2026

Футзалдан Қазақстан құрамасының қарсыласы белгілі болды

Футзалдан Қазақстан құрамасының қарсыласы белгілі болды

Қазақстанның футзалдан ұлттық құрамасы Әзербайжанмен екі жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ойындар 13 және 15 сәуір күндері Ақтауда өтеді деп жоспарланған.

Еске сала кетейік, қаңтар айында Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды. Бұл қызметке бразилиялық маман Пауло Рикардо Камара Собрал, яғни Какау келді. Ол бұған дейін 2013–2018 жылдары Қазақстан құрамасын жаттықтырған. Оның жетекшілігімен отандық команда 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанған.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»