Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Тартысты матч «Бәйтеректің» пайдасына шешілді

Тартысты матч «Бәйтеректің» пайдасына шешілді

Футзалдан Қазақстан чемпионатының 36-туры аясында оралдық «Бәйтерек» «Шымкентті» 6:4 есебімен жеңді.

Кездесудің алғашқы бөлігінде Ильяс Болекбаев, Әділет Булатов және Кирилл Аншаков қарсылас қақпасын бірнеше мәрте дәл көздеп, есепті ұлғайтты. Кейін Жахангер Қуантқан қонақтардың қақпасына гол соғып, есеп айырмасын қысқартты.

Ойын барысында Кирилл Аншаков тағы бір мәрте мергендік танытқанымен, Медет Құдайбергенов (дубль) пен Айдар Жақсыбек есепті теңестірді.

Алайда матч соңында Әлішер Нұрин мен Ильяс Болекбаевтың голдары «Бәйтерекке» жеңіс әкелді.

Осы нәтижеден кейін «Шымкент» 13 ұпаймен турнирлік кестенің соңында қалып отыр. Ал «Бәйтерек» 33 ұпаймен 10-орынға көтерілді.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»